Қазақстанда бензин бағасы Ресейден импортталатын бензин көлеміне байланысты реттелуі мүмкін. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз Өнімдері" компаниясының дамыту жөніндегі басқарма директоры Бақытжан Тасанбаев мәлімдеді.
Оның сөзінше, қазірдің өзінде "ҚазМұнайГаз" жанар-жағармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің литрі 157 теңгеден сатылып жатыр.
"Бағаны реттеу қазақстандық және ресейлік өнімдердің нақты көлеміне байланысты болуы мүмкін. Баға қазақстандық және ресейлік бағаларға, сондай-ақ олардың жеткізу балансына тәуелді. Бағаның шарықтау шегін мен нақты айта алмаймын, бірақ тым "аспандап" кетпейді деп ойлаймын. Қысқа мерзімде баға өсімі болады", - деді ол.
Сондай-ақ, Тасанбаев АИ-92 маркалы бензиннің бағасы осы аптада тұрақталатынын атап өтті.
"Астанада өнім еркін сатылып жатыр. АИ-92 маркалы бензиннен 2 мың тоннадай қор бар. Ресейден 2 мың тонна көлемінде бензин импортталды, тағы 800 тоннасы жолда. Ал жалпы Қазақстанға келер болсақ, 20 мың тонна АИ-92 маркалы бензин жолда келеді. Қазіргі уақытта зауыттардың біреуі жөндеуден өтіп жатқанын ескерсек және импорт қажет болғандықтан 45 мың тонна ресейлік бензинді әкелуге келісімшарт жасастық, оны жеткізу осы аптада жүзеге асады", - деді Тасанбаев.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы