Түркия әскері Сүрияның Идлиб қаласына кірді – деп хабарлайды Oxu.az ақпарат көзі.
Шетелдік БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ресми Анкара бұған дейін Түркияның Хатай провинциясында тұрған әскерін Сүрияның Идлиб қаласына кіргізген. Бұдан біраз уақыт бұрын Түркия әскерінің бас штабы ел әскері Идлиб қаласы маңында барлау жұмыстарын өткізгендігі жайында ақпарат таратқан. Ал Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым Анкара Идлиб қаласы маңындағы барлық әскери операцияларын Астана келісімі бойынша жүргізіп жатқандығын айтқан.
Естеріңізге салайық, Астанада өткен Сүрия дағдарысына байланысты келіссөздерде Иран, Түркия, Ресей елдері Сүрия аймағындағы төрт деэскалациялық аймақтың бірі Идлиб қаласы болады деп келіскен болатын. Ал Мәскеу мен Анкара Идлиб қаласының ішкі қауіпсіздігін Түркия, ал сыртқы қауіпсіздігін Ресей әскерлері қамтамасыз етеді деп уағдаласқан.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?