Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған халықаралық деңгейде Қырым татарларын қорғайтынын мәлімдеді.
Қазан айының 9-ы күні Украина астанасы Киевте Петр Порошенкомен кездескен Режеп Тайып Ердоған Қырымға қатысты өз ойын білдірді. Ол онда: «Түркия қашанда Украинаның тұтастығы мен тәуелсіздігін қолдайды. Біз осыған дейін де Қырымның заңсыз аннексиялануын мойындамайтынымызды айтқанбыз. Осыдан кейін де сол пікірімізде қаламыз. Біз алдағы уақытта қандас бауырларымыз Қырым татарларының мүддесін халықаралық деңгейде қорғайтын боламыз» - деген.
Бұдан бөлек екі ел басшылары Донбасс пен Луганскідегі соғыс жайында, екі ел арасындағы сауда айналымы мен Минск келісімі жайында сөз қозғаған. Кездесу соңында Украина президенті Петр Порошенко Режеп Тайып Ердоғанға Қырым татарларын қолдағаны үшін рахмет айтқан.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?