Ведомствоның мәліметінше, 2017 жылдың 6 қазанында Тбилиси (Грузия) қаласында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузин Үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысы өткен.
Сонымен қатар, отырыс барысында Қазақстан өңделген агроөнеркәсіп кешен өнімдерін, металлургиялық өнеркәсіп пен құрылыс материалдарын және басқа да өнімдерді жеткізу ісін ұйымдастыруға мүдделі екендерін жеткізген.
Министрлік хабарлағандай, 2017 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Грузия арасындағы сыртқы сауда айналым 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,1%-ға артып, 32,4 млн АҚШ долларын құраған.
Экспорт 19,3 млн доллар (өсім 90% немесе 10,6 млн доллар), импорт – 13,1 млн доллар (көрсеткіш 13,3 млн долларға немесе 1,5%-ға төмен ).
2017 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстанда грузиндіктердің қатысуымен 221 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген. Олардың 114-і жұмыс істейді.
2005 жыл мен 2017 жылдың 1 қыркүйегі аралығында Грузиядан Қазақстанға келген тікелей инвестиция ағыны 39 млн АҚШ долларын құрады, ал, кері инвестиция 344,4 млн АҚШ доллар.