АҚШ Ирак Күрдістанының тәуелсіздігін мойындамайды - деп хабарлайды Oxu.az ақпарат көзі.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы Рекс Тиллерсон Ирак Күрдістанындағы тәуелсіздік алуға байланысты өткен референдумға пікір білдірді. Ол журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «АҚШ қыркүйектің 25-і күні Ирак Күрдістанында өткен референдум нәтижесін мойындамайды. АҚШ дамыған, тұтас Ирак мемлекетін қолдайды. Күрдістан билігінің аймақта ешкімнің келісімінсіз референдум өткізуі ешқандай қисынға келмейді» - деген.
Естеріңізге салайық, Ирак Күрдістаны билігі қыркүйектің 25-і күні тәуелсіздік алуға байланысты референдум өткізген болатын. Референдум қорытындысы бойынша, аймақ халқының 92,7 пайызы дербес ел болуды қолдап дауыс берген.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап