Украина соты Грузияның бұрынғы президенті, Одесса облысының экс-губернаторы Михаил Саакашвилиді кінәлі деп тапты.
Львов облысының соты ел шекарасын заңсыз өткен Михаил Саакашвилиді кінәлі деп тауып, оған 3400 гривна (130 доллар) көлемінде айыппұл салған. Бірақ сот отырысына Саакашвилидің өзі келмеген тек адвокаттары ғана қатысқан.
Бұған дейін Украина мемлекеттік шекара қызметі: «Михаил Саакашвилиге шекарадан заңсыз өткені үшін ең ұзағанда 325 доллар айыппұл салынады» - деп мәлімдеген болатын. Ал оның адвокаты Маркиян Галабала «Саакашвилиді Украина азаматтығы болмағандықтан заң бұзғаны үшін елден шығарып жіберуі мүмкін» - деген. Бірақ Украина Бас прокуроры Юрий Луценко Михаил Саакашвилидің азаматтығы жоқ адам ретінде ел билігінен пана сұрауына байланысты, оны Украинадан шығара алмайтындықтарын және Грузияға экстрадиция жасамайтындықтарын айтқан.
Естеріңізге салайық, қыркүйектің 10 күні Михаил Саакашвили жақтастарымен бірге Украина шекарасына басып кірген. Оны шілденің 26 күні ел президенті Петр Порошенко Украина азаматтығынан шығарып тастаған болатын. Ол осы уақыт аралығында АҚШ пен Польша арасында ешқандай елдің азаматтығынсыз емін-еркін жүрген. Саакашвили Украинаға қайтып оралғаннан кейін, Порошенкоға қарсы күресін жалғастыратынын және елде билік үшін күресті революциялық жолмен емес, заң аясында жүргізетінін мәлімдеген.