Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Ташкентке ресми сапары барысында 2-ші Қазақстан-Өзбек бизнес форумы өтіп, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Узбекистон темир йуллари» АҚ арасында стретегиялық серіктестік туралы Келісімге» қол қойылды, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаевтың айтуынша, компания машина жасау саласындағы әлемдік - «General Electric», «Alstom», «Patentes Talgo S.L.», «SIEMENS» секілді жетекші компаниялармен соңғы үлгідегі жылжымалы құрамды құрастыруда озық инновациялық технологияларды қолдануда.
Қазіргі таңда қазақстандық кәсіпорындар жүк және жолаушылар тепловоздарын, электровоздарын, жолаушылар және жүк вагондарын шығарады. Жолдың үстіңгі қабатына қажетті материалдарды өндіреді.
Қазақстандық кәсіпорындардан шыққан теміржол көлігі машиналары экспорттық сұранысқа ие. Сараптаулар қорытындысына қарағанда, жалпы көлемі 3 млрд АҚШ доллары көлеміндегі өнімдерді 18 мемлекетке өткізген. Теміржол көлігі машиналары өнімдері көршілес мемлекеттер Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Украинаға экспортталды.
Қазақстан-өзбек бизнес форумы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «УТЙ» АҚ арасында стратегиялық серіктестік туралы Келісімге қол қойылды Ол Келісім бойынша ҚТЖ биылғы жыл аяғына дейін Өзбекстанға 5 мың тонна рельс өнімдерін жеткізуге уағдаласты. Бизнес форум аясында Өзбекстанға жылына 13,5 мың тонна теміржол өнімдерін жеткізуге ұзақмерзімдік Келісімге қол қойылды. 2020 жылдарға дейін өзбек теміржолына 40 мың тонна рельс өнімдерін жеткізу жоспарланып отыр.
2020 жылдарға дейінгі жалпы теміржол өнімдерінің тауар айналымы АҚШ-тың 320 миллион долларына бағаланып отыр.