Қазақстанның банк секторы 203,9 млрд теңге шығынға ұшырады. Бір ай бұрын табыс көлемі 204,0 млрд теңге болған. Осылайша бір банктің шығыны басқа нарыққа қатысушылардың жалпы табысынан екі есеге жоғары болып отыр. Соңғы рет банктердің қаңтар-шілде айындағы шығыны 2012 жылы тіркеліп, 1,3 трлн теңге болған. Бұл туралы ranking.kz сараптама агенттігі хабарлады.

Ал 2016 жылдың шілде айындағы есеп бойынша табыс 243 млрд теңге болған және бұл 2010 жылдан кейін тіркелген ең жоғарғы көрсеткіш.

Сонымен 2017 жылдың қаңтар-шілде айында 33 екінші деңгейлі банктің  5-еуі шығын болған. Ал өткен жылы 35 банктің 3-еуі кері нәтиже көрсеткен.

Табысқа ие болған банктердің арасында бірінші орында Халық банк тұр. Қаржы институтының табысы - 88,3 млрд теңге болды және өткен жылға қарағанда 26,0%-ға жоғары. Kaspi Bank 26,7 млрд теңге табыспен екінші орында. Табыс өткен жылға қарағанда 83,8%-ға жоғары. Ал үшінші орынға 14,6 млрд теңге табыспен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жайғасқан.

Жалпы ҚР банктерінің жалпы көрсеткішіне Qazkom (405 млрд теңге) шығындары айтарлықтай әсер еткен. Еуразиялық банк, Delta, Capital және Қазақстандағы Пәкістан Ұлттық банкінің жалпы шығыны 15,6 млрд теңге.

Осылайша екінші деңгейлі банктердің шығыны жалпы табыс көлемінен 165,8 млрд теңгеге артық болып отыр. Табыс салығына кеткен шығындар 38,1 млрд теңге болды.

Айта кетейік, ҚР Ұлттық банкі шілде айында Қазақстандағы ірі банктерді қолдау бағдарламасының басталғаны туралы хабарлаған. Бағдарламаға 500 млрд теңге жұмсалуы мүмкін және ол банктердің жиынтық капиталы 1 трлн теңгеге жеткенше 15 жылға созылады.

Дегенмен  ай сайын шығынға ұшырап отырған банктерді сауықтыру туралы Ұлттық банктің бұл шешімі аса дұрыс емес. Өйткені банктер мемлекет бюджетіне сеніп, қаражатты тек "желге шашуы" мүмкін.

“The Qazaq Times”