Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында жарылыс болды –деп хабарлайды ВВС ақпарат қызметі.
Ақпарат агенттігінің мәліметінше, Лондон метросының Парсонс-Грин аялдамасы маңына жете бергенде вагондардың бірінде жарылыс болған. Оқиға орынында болған әйел адамның сөзінше, жарылыс кезінде вагон ішіндегі халықтың саны өте көп болған және жарылыстың салдарынан бірнеше адам дене жарақатын алған. Бірақ бұл ақпаратты Ұлыбритания ресми органдары әлі растамаған. Алайда Лондон полициясы Парсонс-Грин аялдамасында болған жағдайдан хабардар екенін айтқан.
Қазіргі таңда оқиға орынына жедел жәрдем, құтқару қызметі келген және метро маңайын жергілікті полиция қызметкерлері қоршауға алған. Айта кететін бір жайт, бұған дейін АҚШ мемлекеттік департаменті алдағы уақытта дүниежүзі бойынша террорлық шабуылдардың саны артатынын хабарлаған болатын.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?