АҚШ мемлекеттік департаменті алдағы уақытта дүниежүзі бойынша террорлық шабуылдардың көбейетінін ескертті.
Мемлекеттік департамент таратқан ескертулер бойынша, жақын аралықта әлемде лаңкестік шабуылдардың саны артатын болады. Атап айтқанда Украина, Түркия, Мысыр елдерінде террорлық шабуылдар жиілеуі мүмкін. Америка халқына арналған ескертуде жоғарыда аталған елдерден бөлек, америкалықтарға Солтүстік Корея, Иран, Ауғанстан мемлекеттеріне бару өте қауіпті екені айтылған.
Айта кететін бір жайт 2016 жылы әлем бойынша, 13,4 мың террорлық шабуыл оқиғасы тіргеліп, салдарынан 34,7 мың адам көз жұмған.