Венесуэланың Сыртқы істер министрі БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комиссарын "жалған сөйлегені үшін" айыптады. Хорхе Арреаса БҰҰ өкілінің Венесуэлада "халыққа қарсы жасалған қылмыстар" орын алуы мүмкін деген дабылын жоққа шығарды. Бұл туралы BBC ақпараттық агенттігі жазды.
Сәуір айынан бастап, Венесуэладағаы жалпыхалықтық көтерілістердің нәтижесінде 120 адам мерт болған. Женевада өткен Адам құқықтары жөніндегі консулдықтың сессиясында сөз алған БҰҰ өкілі Венесуэланың әскери күштері көтерілісшілерге қарсы күш қолданғаны туралы мәлімдеме жасаған болатын. Хорхе Арреаса ресми баяндаманы толықтай жоққа шығарды.
Өз кезегінде БҰҰ өкілі Венесуэладағы оппозиция мүшелерінің жауапқа тартылуына алаңдаушылық білдіріп, мәселенің мән-жайын анықтау үшін, арнайы зерттеу тобын құру керегін жеткізді.