Құрама Штатта өткен жылы болып өткен президент сайлауы кезінде Дональд Трамптың Сауд Арабиясы жөніндегі ұстанымы қатаң болып еді. Ол Сауд Арабиясына қатаң сындар айтып, адамдық құқық-нормаларын сақтамайды деп жазғырған болатын. Сонымен бірге, Хиллари Клинтон сынды әріптесінің Отбасылық қайырымдылық қорының тамыры Сауд елімен байланып жатыр деп сынға алған. Бірақ, президент болып отырғаннан кейін оның бұл ұстанымы түбегейлі өзгерді. Жақында жарияланған АҚШ Мемлекеттік департаментінің жазбаларының мәліметтеріне қарағанда, Сауд Арабиясы Трамппен жақын достық қарым-қатынаста болып шықты. Бұл туралы «The New York Times» басылымы да саралап көрген еді.

Ал, Daily Beast веб-сайтында жариялаған рекордтар қатарына Сауд Арабиясына Трамптың мамыр айында жасаған сапарын келтіреді. Рекордтар қатарына қосылған бұл сапарда Трамп Сауд Арабиясынан 80-нен астам түрлі-түсті сыйлықтар тапсырып алған. Бұл сыйлықтардың арасында небір бағалы бекзат бұйымдар бар. Айталық, бағалы араб семсері, Кувейт Конституциясының көшірмесі, «ақ түсті жібек мақта киімі» және екі ақ жолбарыс терісінен жасалған жамылғысы бар. Сыйлықтар арасында Трамп, өзінің әшекейлі рамкадағы портретінде тапсырып алды. Бағалы киімдер мен зерлік бұйымдардан Трамптың ханымы мен қызы да құр алақан қалған жоқ.

Бұл сыйлық алмасуларға америкалықтар қалай қарайды?

Араб елдерінің жомарттықтарына қарамастан көптеген америкалықтар ғаламтор беттерінде Сауд Арабиясы туралы жақсы пікір айтпайды. Себебі, аталмыш адамдық құқық мәселесінде екі жұрттың танымы күн мен түндей қайшылықтардан тұрады. Ал, дипломатиялық қызметтерде сыйлықтар ұсыну тым сирек ұшырайды. Солай бола тұрса да Орта-Шығыс пен Азияның кейбір елдерінде қонақжайлық ұлттық менталитет ретінде де қаралады. Ал мұндай қонақжайлық Еуропа мен Америка елдерінде бола бермейді. Бұл туралы пікірді АҚШ-тың Орта-Шығыс елдерінде көп жылдар дипломатиялық қызметте тұрған лауазымдылары да растап береді.

Сауд королінің тарту-таралғылары Трамптың отбасына арналып отыр, сондықтан Трамптың оны именбей қабылдауына болады. Олай болмағанда АҚШ заңы бойынша лауазымдылар шетелдің кез-кезкелген тартуын қабылдауына болмайтын еді. Заң бойынша АҚШ шенеуніктері шетелдіктер берген тартудың құны 390 АҚШ долларынан кем болса ғана өзіне қалдыра алады. Президентке, вице-президентке және оның жұбайына берген сыйлықтарға Ақ үй қадағалауға тиісті. Алайда, Ақ үй сейсенбі күні дербес басылымдардың және жекелеген адамдардың электронды пошта арқылы жіберген пікірлеріне, сауалдарға жауап бермеді.

Обама да алған еді

Солай да болса, Трамп Сауд Арабиясынан алғаш рет тарту алған АҚШ президенті емес. Бұл жол кіші Буш пен Обама президенттерден де қалған жол еді. Обама Сауд патшасынан 10 гольф доп таяқшасымен бірге, былғары гольф-сөмке, таза күмістен құйылған екі жылқы бейнелі субинер (алмас көз орнатылған), көк-сары жақұт, қызыл және қара жақұт қатарлылар сыйлықтар алып қайтқан еді. Бұл заттардың бәрі де АҚШ Ұлттық мұражайына қойылған. Мемлекеттік департамент оның жалпы құнын 52 мың 229 АҚШ долларына бағалайды.

Трамптың қарымтасы: сыйға – сый, сыраға – бал

Мұндай сый-сияпаттан кейін, Сауд Арабиясының орталық қаласында өткізілген Мұсылман елдері басшылары саммитінде Трамптың портреті үлкен тақтаға ілініп қойылды. Сонымен тұстас американдық әнші Тоби Киттің концертінің болып өтуі сияқты істер Құрама Штат басшысының Сауд Арабиясы жөніндегі ұстанымына өзгеріс алып келмей көрсін. Ал, Трамп араб патшасының қонақжайлығына қандай да бір қарымжы сыйлықтар жасады ма, жоқ – ол жағы әлі де белгісіз.

Есесіне Трамп осылардың қарымжысына Сауд патшасының қалағанын жасады – Өңірдегі Иран-Сауд Арабиясы қайшылығында Уашингтон Иранды қатал сынға алды; Сауд Арабиясына сатып беретін қару-жарақ құны 110 миллиард долларға жетті. Оның ішінде 500 миллион АҚШ доллар құнға ие басқарылмалы ракеталар да бар. Міне осының бәрі Трамптың Сауд короліне берген қайтарма-қарымжысы деуге болады.

“The Qazaq Times”