Йемендегі Сауд Арабиясы басқарған коалицияның әуе күштері елдің орталық қаласы Санадағы хоуситтердің маңызды нысандарын бомбалаған. Бұл туралы жергілікті ақпарат көздеріне сілтеме жасап «Анадолы» ақпарат агенттігінің ресми сайты хабарлады.
Әуе шабуылында Сана қаласының солтүстігіне орналасқан хоусит күштері үшін маңызды болған Дейлеми әуе базасы нысанаға алынған. Хоусит күштері өздеріне қарасты теле арналар арқылы шабуылды айыптады. Олар аталған әуе операциясын Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың бірлескен әрекеті деп мәлімдеген.
Кеше таңертең болған әуе шабуылы қатарынан 5 рет жасалған. Шабуылдан болған зардаптар мен шығындар туралы нақты мәлімет жоқ.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел