АҚШ-тың танымал басылымы The New York Times Сауд Арабиясына қару-жарақ сату Йемендегі қырғыншылықтың басты себебінің бірі екенін жазды.
Аталған басылым, қазіргі және бұрынғы АҚШ лауазымдыларының деректеріне сілтеме жасай отырып, Сауд Арабиясының Йемендегі соғысына Құрама Штаттардың қолдау білдіргенін айтады.
«Йемендегі әуе шабуылдарынан қаза тапқан 5 мыңға жуық жазықсыз тұрғындардың өліміне АҚШ-тың да жауапкершілігі бар», – деп жазылған басылымдағы арнайы мақалада. Мешіттерге, мереке немесе қазалы жиындарды нысанаға алған әуе шабуылдарында Сауда Арабиясы басқарған халықаралық коалиция күштері АҚШ бомбаларын пайдаланған. Дегенмен, АҚШ тарабы Сауд Арабиясы басқарған коалиция күштеріне нысаналар туралы ескерткен. Бірақ, дұрыс нысаны анықтау туралы ескертулер елеусіз қалғанын айтады.
Аталған мақалада, Сауд Арабиясы күштері шабуыл жасамауға тиісті орындардың тізіміне қарамастан әуе және құрылық шабуыл әрекеттерін жүзеге асырғанын сынға алады.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес