Мьянманың көшбасшысы, Нобель Бейбітшілік сыйлығының лауреаты Аун Сан Су Чийге қарсы наразылық өршіп келеді. Көршілес және алыс құрлықтағы көптеген елдер оның тез арада ортаға шығып, неше он мыңдаған мұсылмандардың Бангладешке қашып кетуіне түрткі болған әскери операцияларды тоқтатуын сұрады. Бұл туралы “The New York Times” басылымының таңғы жаңалықтар топтамасында хабарланды.
Аун Сан Су Чиймен бірдей Нобель Бейбітшілік сыйлығының иегері Малала Юсуфзай өзінің Twitter парақшасында одан мұсылмандарға бағытталған қырғынды тез арада тоқтатуын сұрады. Ал кейбір, аталған сыйлықтың иегерлері Нобель комитетіне Мьянма көшбасшысының үстінен шағым түсіретінін немесе сыйлықты қайтарып алуын талап ететінін білдірген.
Аустралия, Индонезия және Үндістан Рохинджа мұсылмандарына қолдау көрсету үшін демонстрациялар ұйымдастырып, Аун Сан Су Чийдің суретін жұртшылық алдында өртеді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?