АҚШ президенті Дональд Трамп Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевты Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.
1-ші қыркүйек Өзбекстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай АҚШ президенті Дональд Трамп Шавкат Мирзиеевқа ресми хат жолдаған. Ол хатта: «Америка халқының атынан сізді және Өзбекстан халқын тәуелсіздіктің 26 жылдығымен құттықтаймын. Ұлттық мерекелеріңізбен құттықтай отырып, мен сіздің президент болғаныңызға бір жыл толуына орай алдағы уақытта екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға, бірлесіп жұмыс істеуге әзір екенімді айтқым келеді. Біз Өзбекстанның аймақтық қауіпсіздігіне және елді демократияландыруға байланысты бастамаларын қашанда қолдаймыз. Сізге және өзбек халқына ел тәуелсіздігінің 26 жылдығын өз дәрежесінде атап өтуге тілектеспін» - деген.
Айта кететін бір жайт, Шавкат Мирзиеев билік басына келгелі бері Ресей мен АҚШ арасындағы Өзбекстан үшін талас одан әрі өрши түскен. Бірақ Мирзиеев билік басына келген бір жыл ішінде екі елдің де ырқына жығылмай бейтарап саясат ұстанып келеді. Осыған қарағанда болашақта Өзбекстанның сыртқы саясаттағы ұстанымы Қазақстан сынды көп векторлы қарым-қатынасқа құрылатын тәрізді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?