Техас штатында Харви дауылынан болған қирандылардың шығыны 100 млрд доллар шамасында болуы мүмкін. Бұл жөнінде америкалық сақтандыушыларға сілтеме жасап Bloomberg агенттігі хабарлап отыр, деп жазды lenta.ru.

Шығын көлемінің мұндай болатыны туралы алғаш пікір білдірген - Imperial Capital банкінің сақтандырушы сарапшысы Дэвид Хэйвенс. Ал Enki Research компаниясының сарапшысы Чака Уотсона шығын 30 млрд доллар болады деп есептейді.

Егер Уотсонның есебі дұрыс болатын болса, Харви АҚШ-тың астаң-кестеңін шығарып, орасан шығын келтірген дауылдардың жетінші түрі болады.  Хэйвенстің есебі дұрыс болар болса Харви шығыны бойынша "Катрин" дауылынан кейін екінші орында болады. Бұдан бұрын болған "Катрин" дауылының шығыны 120-106 млрд доллар шамасында болған.

Бұл дауылдағы басты мәселе - сақтаныру төлемі. Сарапшылардың есебі бойынша сақтандыру төлемі шығынның тек үштен бір бөлігін ғана жаба алады.

Мекеме, ғимараттардың көпшілігі нақты дауылдан емес, көбіне жаңбырдың көп түсуінен бүлініп кеткен. Осының салдарынан кәсіпорындардың жұмысы тоқтап, энергетика жүйелеріне зақым келген.

Айта кетейік, Техас штатындағы Харви дауылы 26 тамызда басталған. Бастапқыда қауіп 4- деңгейге жеткенмен, кейін тропикалық жел деңгейіне төмендеді.

“The Qazaq Times”