Атлант мұхитындағы «Дориан» дауылы қайта күшейіп, Флорида штатына жақындады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
АҚШ-тың дауылдарды бақылау ұлттық орталығының мәліметіне сүйенсек, жексенбіден бері Багам аралдарында дауылдан 5 адам қаза тапқан. Он үш мыңнан астам үй қирап бүлінген. Көптеген елдімекен су астында қалған.
Қазір желдің жылдамдығы сағатына 185 шақырым болып отыр. Кешеден бері Багам аралдарында басталып, АҚШ-қа қарай жылжымаған дауыл енді қайта күшей түсті. Мамандар бұған шығыс мен батыстан қарама-қарсы тұрған антициклон себеп болуы мүмкін деп отыр.
Осыған дейін Ақ үй басшысы Дональд Трамп дориан дауылының жақындауына байланысты Польшада өтуі тиіс ресми іссапарын тоқтатқан болатын. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, дауылдан орасан шығын келген.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел