Кентукки штатындағы құйынды дауыл штат тарихындағы ең ауыр апатқа алып келді. Губернатор Энди Бешир қаза болғандардың нақты саны 100-ден асып кеткен болуы мүмкін деп мәілмдеді. Алапат құйынды дауыл өзге де төрт штаттан 14 адамның жанын жалмаған.
«Құйынның жолына тұрып қалған бірде бір нәрсе сау қалған жоқ», – деді Кентуккидің губернаторы.
300-ден астам ұлттық ұлан сарбаздары құтқару қызметіне жұмылдырылған. Олар үй-үйді аралап қирандылар астынан тірі қалғандар бар ма деп іздесуде. Алайда, ендігі тірі қалғандарды құтқарып алудың үміті аз, себебі сенбіден бері бірде-бір адам тірі табылмаған. Қазірге дейін бір ғана Кентуккиден 80-нен астам адамның қаза болғаны ресми расталды.
Беширдің мәлімдемесіне қарағанда құйынды дауыл 365 шақырымға дейінгі жолдындағының бәрін қиратып өткен, мыңдаған адамның баспанасы қираған, нақты саны қазірше анық емес. Бұған дейін АҚШ тарихында ұзақ қашыққа дейін жер бауырлап өткен құйын 1925 жылы Миссуриде тіркелген еді. Онда дауыл 352 шақырымға дейін созылып, 695 адамның жанын жалмаған болатын.
АҚШ президенті Қоршаған ортаны қорғау агенттігіне кезекті ауыр табиғи апаттың климат өзгерісімен қаншалықты байланысы бар екенін анықтауды тапсырған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі