Ауғанстанның денсаулық сақтау министрлігі Ауғанстан балаларының улы нашаға құмар болуы жылдан жылға көбейіп келе жатқанын мәлімдеді. Осы мәліметті сол елдің Есірткіге қарсы күрес министрлігі де растап отыр. Бұл туралы «Парс.Ақпарат» агенттігінің ресми сайты хабарлады.
Ауғанстанның екі бірдей министрлігі көрсеткен мәлімет бойынша, Ауғанстанда бүгінгі күнде 3 млн 600 мыңнан аса нашақорлар бар болып, оның ішінде 100 мың бала тұрақты улы есірткіні тұтынушы болып саналады екен. Оған қоса 1 млн жасөспірімнің де нашақорлық ықпалында жүргені мәлім болды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстан ісі жөніндегі бөлімшесі және Есірткіге қарсы күрес ұйымы берген мәліметтерде Ауғанстанның улы шегімдік өндіру мөлшері 9 мың тоннаға артқан.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды