Йемен маңында АҚШ-тың Black Hawk қарулы күштерінің тікұшағы құлады, деп хабарлайды Reuters.

АҚШ Қарулы күштерінің Орталық командасының хабарлауынша, апат 25 тамызда Йеменнің оңтүстік жағалауынан 32 шақырым қашықтықта, жаттығу кезінде болған.

Команда өкілі полковник Джон Томастың айтуынша,  апат кезінде тікұшақ суға жақын ұшып жүрген. Құтқарушылар әзірге 5 сарбазды құтқарған. Енді тағы бір америкалық әскери қызметкерді іздестіріліп жатыр.

“The Qazaq Times”