Қытайдың 19 әскери ұшағы Тайуанның (Тайвань) әуе қорғаныс кеңістігіне кірген. Бұл туралы Тайуан билігі ресми мәлімдеме жасады.
Тайуан Қораныс министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, Қытай Халық-азаттық армиясының әуе күштеріне тиесілі соғыс ұшақтары мен ядролық қару тасымалдаушы ұшақтарын қамтыған 19 әскери ұшақ Тайуан әуе қорғаныс кеңістігіне кірген.
Ресми мәліметте айтылуынша, жексенбі күні әуе қорғаныс кеңістігіне кірген қытайлық ұшақтар арасында ядролық қару тасымалдайтын 4 бірдей H-6 бомбалаушы ұшағы да болған.
Тайуан әуе қорғаныс күштері Қытай ұшақтарына ескерту жасау үшін зымыран қосалқысы бар ұшақтары мен шабуылшы истербительдер жіберген.
Бұл оқриға бойынша Бейжің тарабы ешқандай мәлімет бермеген. Қытай үкіметі Тайуан тарабынан қандай да бір өздеріне жағымсыз мәлімдемелер мен әрекеттер болған кезде әуе күштері арқылы қысым жасауды көп уақыттан бері қайталап келеді.
Бір жылдан аса уақыттан бері Тайбей билігі Қытайдың әскери ұшақтарының ел кеңістігіне кіруі бойынша шағымданып келген болатын. Бейжің Тайуанда ҚХР құрамындағы провинция деп санайтын болса, Тайбей өзін дербес мемлекет деп санайды.