Өзбекстан бас прокуратурасы Ресей билігінен Гүлнара Кәрімованың ел аумағындағы дүние-мүлкін бұғаттауды сұрады, дап хабарлайды Ресей Федерациясы бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Ресей прокуратурасы таратқан хабарламада, Өзбекстан прокуратурасы тарапынан РФ прокруатурасына Гүлнара Кәрімова ісі бойынша көмек көрсету мақсатында Ресей аумағындағы Кәрімованың барлық жылжымайтын мүліктерін бұғаттау керектігі айтылған ресми хат жолданған.
Естеріңізге салайық, Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтың қызы Гүлнара Кәрімованың үстінен 2013 жылы қылмыстық іс қозғалған болатын. Ал 2015 жылдың тамыз айында Ташкент қаласының соты Кәрімованы 5 жылға бас бостандығынан айырған еді. Бірақ Гүлнара Кәрімова осы уақытқа дейін түзету мекемесінде емес үй қамақта болып келген.
Өзбекстан бас прокуратурасының мәліметі бойынша, Гүлнара Кәрімованың мемлекетке келтірген шығыны 2 миллиард долларды құраған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?