Жыл басынан бері 956 кәсіпорын қазақстандықтарға 2,08 млрд тенге көлемінде жалақы қарыз болған. Мұндай деректі еңбек инспекторлары анықтады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. 

Ведосмтвоның мәліметінше, банкрот ретінде танылған 92 кәсіпорынның 4080 қызметкерге берешегі 1 млрд теңгені құраған.

"Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне барлығы 127,7 млн  теңгені құрайтын 588 айыппұл салынды. Сондай-ақ, 816 орындауды талап ететін  ескерту берілді", - баспасөз хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше, 12,9 мың жалақысыз қалған жұмысшыға 1,68 млрд теңге мөлшеріндегі  еңбекақы қарызы берілген. Еңбекақыны төлеу бойынша заң бұзушылық деректерін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, елімізде кәсіпорындар ғана емес, ұлттық компаниялардың өзі қызметкерлерге мардымсыз жалақы беретін кезі болған. Бұл мәселе қазіргі уақытта да оңалып тұрғаны шамалы.

“The Qazaq Times”