ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады, деп хабарлайды ақорданың баспасөз қызметі.
Президент ел экономикасында қордың маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, оны әрі қарай дамытудың жекелеген бағыттарына тоқталды.
Ө.Шөкеев Мемлекет басшысына биылғы 7 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы, сондай-ақ қорды және оның еншілес кәсіпорындарын трансформациялау барысы туралы баяндады.
"Қордың өндірістік және баға көрсеткіштері былтырмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Жалпы, қордың жағдайы тұрақты. Қазір еншілес компанияларда трансформациялаудың 130-ға жуық жобасы енгізілуде. Жекешелендіруге қатысты айтар болсақ, жоспарланған 2015 нысанның 60%-ы жекешелендірілді. Бүгінде ірі компанияларды сатуға кірістік, – деді "Самұрық-Қазына" төрағасы.
Сондай-ақ, Ө.Шөкеев Халықаралық IFSWF-2017 тәуелсіз әл-ауқат қорлары форумын өткізуге дайындық барысы жөнінде айтты. Онда әлемдік экономика жағдайындағы инвестициялық саясат мәселелерін талқылау жоспарлануда.
Айта кетейік, Қазақстанның сыртқы қарызы соңғы мәлімет бойынша 165 млрд доллар шамасында. Ал бұл қарыздың ең көп бөлігі ұлттық компаниялар мен холдингтерге тиесілі. Президент ұлттық компаниялар экономика үшін маңызды деген күннің өзінде, экономистер бұлай деп есептемейді. Олар "квазимемлекеттік секторлардың қарызы экономикадағы ең үлкен қауіп" дегенді айтады.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды