«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында, қазақстандық кәсіпкерліктің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің нарығындағы артықшылығы мен жетістігі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арасында үздік журналистік материалға республикалық байқау жариялайды.

Байқау келесі аталымдар бойынша жүргізіледі:

- Баспасөз БАҚ-та жарық көрген үздік сараптамалық материал;

-Телевизиядағы үздік репортаж: ақпараттық-сараптамалық бағдарламаға арналған сюжет,деректі фильм;

-Интернет-БАҚ- та жарық көрген үздік сараптамалық материал;

-Үздік радио-сюжет.

Байқауға республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері қатыса алады.  Байқауға штаттан тыс негізде жұмыс істейтін журналистер де қатыса алады.Байқау жұмыстары түрлі жанрлар мен форматтарда қабылданады: очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, әлеуметтік зерттеулер және басқалары.

Байқаудың мақсаты ­– «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының, қазақстандық кәсіпкерліктің ЕАЭО мүше-мемлекеттер нарығындағы артықшылықтарын насихаттау.

Байқауға 2017 жылдың 1 қаңтар мен 15 тамыз аралығында БАҚ көздерінде: мерзімді баспа басылымы, теле-, радиоарнажәне интернет-ресурсындажарық көрген материалдар қабылданады.

Өтінімдер 2017 жыл 15 қыркүйекке дейін қабылданады.

Байқау лауреаттарын арнайы байқау комиссиясы анықтайды. Байқау лауреаттары дипломдар, ақшалай жүлделер және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байқауға қатысу үшін өтінім толтырып,  pr@palata.kz электронды мекенжайға  жіберуді сұраймыз.

Байқауға материалдарды жіберу тәртібі: әр материалға бөлек өтінім беріледі (өтінім еркін формада жіберіледі, үлгісін мына жерден жүктеп алуға болады). Онда БАҚ жетекішісінің қолы, автордың аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы мен байланыс деректері беріледі (электронды мекенжай мен телефон нөмірі).

Аудио и видеоматериалдарэфирліканықтамаларменқосаберіледі. Байқауға қатысуға өтінімдер хабарландыру шыққан күннен бастап қабылданады.

Телевизиялық жұмыстар – DVD-дискілерде, аудио мен фото жұмыстар–CD-дискілерде, ал баспа материалдар Word форматында және материал шыққан басылымның PDF форматында (скан көшірме БАҚ жайында ақпарат пен шығыс деректер көрсетілуі тиіс) беріледі.

Бейнематериалдархронометражы – 2 минуттан кем емес (бейне сюжеттер үшін)және 30 минуттан артық емес  (деректі фильмдер мен телебағдарламалар үшін) мөлшерде, DVD форматында  1280х720 рix-тен кем емес шешімде беріледі.

Аудиоматериалдархронометражы 20 минуттан көп емесmp3 форматындаберіледі.

Мәтіндік материалдар Wordформатында Ұйымдастырушы Комитеттің электронды поштасы арқылы қабылданады.

Ұйымдастырушы комитет егер жұмыс байқау шарттарына сай келмесе, қатысушы өтінімін байқаудан алып тастауға құқылы. Байқау жеңімпаздарын  анықтау  қыркүйек айының соңында  өтеді, байқау қорытындысы «Атамекен» ҰКП ресми сайтында жарияланады.

“The Qazaq Times”