Қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз өтпек болған қарулы қырғыз азаматы ұсталды, деп хабарлайды Алматы облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство таратқан мәлімет бойынша, 41 жастағы Қырғызстан азаматын тамыздың 16-сы күні Алматы облысына қарасты Райымбек ауданының шекарашылары ұстаған. Тексеру кезінде шекарадан заңсыз өткен азаматтан 7,62 милиметрлік «Тигр» қаруы тәркіленген.
Тергеу барысында Қырғызстан азаматы жоғалған малын іздеп жүріп Қазақстан шекарасына адасып өтіп кеткендігін айтқан. Қазіргі таңда оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін тамыздың 12-сі күні Жамбыл обылысында Қазақстан мен Қырғызстан шектесетін «Жасөркен» заставасында заңға бағынбай, шекара сымдарын бұзып мал айдап өтпек болған 15 адамға шекарашылар оқ атып, салдарынан бір адам көз жұмған болатын.


















ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?