АҚШ-Корея арасында ескертулер мен үркітулер алмасып жатқан тұста, АҚШ әскери Штаб-пәтер басшысы Жозеф Данфордтың Корей түбегіне бара жатқаны мәлім болды. Ол Корей түбегіне баратын сапардан бұрын журналистерге «Әскери басымдылық үкіметтің дипломатиялық және экономикалық талпыныстарды қолдау үшін. Ал үкіметтің талпыныстары сәтсіз болатын болса, әскери күш әр кезде де дайын болуы керек» деген. Бұл туралы АҚШ басылымдарына сілтеме жасай отырып, «Түрік Теле-Радио» қызметінің сайты хабарлады.
Жозеф Данфорд сапарының мақсатын Оңтүстік Корея, Жапония қатарлы одақтастардың сенімін арттырумен бірге Қытай мен екі ортадағы түсінбестіктердің алдын алу, әскери селбестікті жүзеге асыру деп түсіндірді. Ол Корей түбегі мәселесінен соғыссыз шығуды қалайтындарын, алайда Солтүстік Кореяның АҚШ пен сол аймақтағы одақтастарын ядролық қарумен қорқытуын мүлде қабылдай алмайтындарын жеткізді.
Америкалық сарапшылар Солтүстік Кореяның АҚШ-ты ядролық қарумен атқылауға талпынатындығын, алайда ядролық соғыс қаупі әлі де алыста екенін айтуда. Қытай тарабы Солтүстік Кореяға экономикалық қысымын бастап кетті. Өңірдегі қайшылықтың соғыссыз шешім табуы ең алдымен АҚШ-Солтүстік Корея арасындағы бітімгершілікте тұрғаны анық. Алайда, ядролық менмендік екі елді де келіссөз үстеліне жақындатпай отыр.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес