Испанияның Валенсия университеті артық салмақ пен семіздіктің балалар және ересектерге болған әсерін зерттеп, жер бетіндегі 2 миллиардтан астам адамның семіздік және артық салмақтан келіп шығатын проблемалардан зардап шегетінін анықтады. Бұл әлем халқының 30 пайызын құрайды. Бұл туралы бүгін «Шинхуаның» ресми сайтында жарияланды.

«Жаңа Англия Медицина» басылымында жақында жарияланған зерттеу нәтижесі үшін, 25 жыл бойы (1990-2005) 195 елдегі халықтарға зерттеу жүргізген. Зерттеуге 133 елден 2300 сарапшы қатысқан. Олар семіздік ауыруына шалдыққан 300-ден астам адамды жекелей алып, олардың ауыруға шалдығу себебі мен мөлшерін зерттеп қараған.

Валенсия университеті сарапшысы Рафаэль Таварес басылымға былай деп жауап берген: «Зерттеу қортындысына қарап отырып, әлемдегі семіздік салдарынан жүрек-қан тамырлар ауыруынан зардап шегіп отырғандар санының басым екенін біле алдық. Қатерлі ісік, қант диабеті аурулары секілді себептердің өлімге алып келу мөлшері өсіп отыр».

Ғылыми-зерттеу көрсеткеніндей, 2015 жылы әлемдегі 400 млн адам семіздік тудырған аурудан көз жұмған. Соның ішінде 40 пайызы артық салмақтан ауруға шалдыққан екен. Ғалымдардың айтуынша, мұндай көрсеткіш, әлем халқының салауаттылығы үшін жан-түршігерлік мәлімет болып саналады.

Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, 1980 жылдан бері қарай 70 елде семіздікке шалдығушылар саны еселенген. Қытай, Бразилия, Индонезия қатарлы дамушы елдерде семіздік мөлшері 3 есеге дейін өскен. Бұл сол елдерде жастар мен жасөспірімдердің диабет ауыруына, жоғары қан қысым, созылмалы бүйрек аурулары қатарлы дерттердің көбейгендігінде айғақтайды.

2015 жылғы көрсеткіш бойынша әлемнің 2,2 млрд адамы артық салмақ және семіздіктен зардап шеккен. Соның ішінде 108 млн балалар, 600 миллионнан көбі ересектер. 5 пайыз балалар мен 12 пайыз ересектер тікелей семіздік сырқатына шалдыққан. Көңіл бөлетін бір мәселе – көптеген елдерде балалардың артық салмақ пен семіздікке шалдығуы ересектерге қарағанда жылдап артып кеткен.

Әлемдегі халық саны тығыз орналасқан алдынғы 20 ел арасында, Америка Құрама Штаттарында жасөспірімдердің семіздікке шалдығуы ең жоғары деңгейде, шамамен халқының 13 пайызын иелейді. Бангладеште ересектердің семіздікке шалдығуы халық саны тығыз 20 ел арасындағы ең төмені, 1,2 пайыз.  Ал, бұл шамада ең алдынғы орында тұрған ел Мысыр, ел халқының 35 пайызын құрайды. Қытай мен Үндістанда семіздікке шалдыққан жасөспірімдер саны жеке-жеке 15 млн 300 мың және 14 млн 400 мың. Ал, ересектердің семіруі ең көп болған елдер АҚШ пен Қытай. Яғни АҚШ-та 79 млн 400 мың, Қытайда 57 млн 300 мың ересек адам семіздікке шалдыққан.

“The Qazaq Times”