Жыл басынан бері 12 банк және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын бір ұйым клиенттердің заңды құқықтары мен мүдделерін бұзған. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен бас банк жүргізген мониторинг пен талдау бойынша екінші деңгейлі банктер:
- банктік қарыз шарты бойынша қызмет көрсету кезеңінде қарыз алушыға сұраныс бойынша ақпарат беру мерзімдерінің бұзылуына;
- Кредитік бюро туралы заңға сәйкес, кредиттік бюроға банктердің ақпарат беру мерзімдерінің/толық болуының және дәйектілігінің бұзылуына жол берген.
Сондай-ақ:
- Қарыз алушының банк шотындағы ақша сомасының 50% шегіндегі төлем
талаптарын орындау кезінде банктің шектеулерді сақтамау;
- салымдар бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату кезінде
дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесін көрсету бойынша міндеттерді орындамау;
- банктік қызмет көрсетумен байланысты емес комиссияларды алу сынды ережелдерді бұзған;
- құжаттамалық тексеру кезінде банктердің Ұлттық Банк сұратқан құжаттар мен түсіндірмелерді бермеу, сондай-ақ уақтылы бермеу сынды ережелерді
бұзуға жол берілген.
Ұлттық банктің мәліметінше, осы бұзушылықтар бойынша 12 банк пен 1 ұйымға қатысты 26 шектеулі ықпал ету шарасы, оның ішінде 17 жазбаша ұйғарым және 9 жазбаша ескерту қолданылған.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды