Осы жылы мемлекет спортты дамытуға 49 млрд теңге бөледі, бұл өткен жылғы сомамен салыстырғанда 70 млн теңгеге көп. Дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың саны 2014 жылдан бері 25,1 пайыздан 27,4 пайызға дейін артып, 2016 жылы 4,8 млн адамды құраған. Мұндай мәліметті Finprom.kz агенттігі келтіріп отыр.
Ал осы жылдың соңына қарай олардың саны 28 пайызды, 2020 жылы 30 пайызды құрауы мүмкін. Сондай-ақ, спортпен айналысатын жасөспірімдер мен балаларды қамту 13 пайыздан 15,3 пайызға дейін артқан.
Мүмкіндігі шектеулі 644 тұлғаның (елдегі жалпы халықтың 3,6 пайызы) 269-ында спортпен айналысуға қарсы көрсеткіштер жоқ. Бұлардың ішінде дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың үлесі 2014-2016 жыл аралығында 9,2 пайыздан 10,2 пайызға дейін көбейген.
Осылайша ешбір экономикалық жағдайларға қарамастан кәсіби спортшылар мен олимпиада ойыншыларына бөлінген қаржы жыл сайын артып отыр. Дегенмен бұқаралық спорт түрлеріне аз қаржы бөлінген.

Спортты дамытуға бөлінген бюджет қаржысы. Дереккөз: Finprom.kz
Осы жылы кәсіби спортшыларға бөлінетін қаржы өткен жылға қарағанда 2 млрд теңгеге артық болады. Ал ҚР Ұлттық құрама командасын спорттық іс-шараларға дайындап, қатыстыру үшін 17,4 млрд теңге бөлінеді. Өткен жылы бөлінген қаржыға қарағанда бұл қаражат екі еседен де көп.
Бұқаралық спорт түрлерініе келер болсақ, осы жылы 7,2 млрд теңге бөлінген. Ал келесі жылы бөлінетін 3 есеге аз болмақ, шамамен 2,7 млрд теңгені құрайды. Айта кетейік, осы жылы спортқа қабілетті балаларды оқытуға және дайындауға 4,3 млрд теңге бөлінеді.
Жалпы Қазақстанда бұқаралық спортты дамытудағы негізгі мәселелердің бірі ауылды жерлер мен өңірлердегі материалдық-техникалық базалардың жетіспеушілігі болып отыр. Мысалы ауылдағы тұрғындардың тек 20-25 пайызы ғана дене шынықтыру және спортпен айналысады. Сондай-ақ, селолық округтердің 33 пайызында нұсқаушылар мен әдіскерлер жетіспейді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?