Ресей Үкіметі VPN (virtual private networks) - жеке виртуалды сайттардың қызметіне тыйым салады. Мемлекет басшысы Владимир Путин қол қойған жаңа заң жобасы ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап, күшіне енеді. Бұл туралы CNN ақпараттық агенттігі жазады.
Жеке виртуалды сайттар (VPN) өз қолданушыларына оның мемлекетінде бұғатталған интернет ресурстарға қол жеткізуге арнайы трафик ұсынады. Танымал VPN-дердің қызметі үшін әр қолданушы айына 10 доллардан төлейді.
Ресей Парламентінің ақпараттық саясат және коммуникациялар комитетінің басшысы Леонид Левин: "Мемлекет ешқандай цензура орнатып, жаңа шектеулер енгізіп отырған жоқ. Бар болғаны, осыған дейін мемлекеттік деңгейде тыйым салынған сайттарды VPN-нің көмегімен қарап келген азаматтарды қатаң бақылауға алғалы отыр", - деп мәлімдеді.
Ресей мұндай шектеу қойып отырған алғашқы мемлекет емес. Әлемдегі қолданушысы көп әлеуметтік желілерді қолдануға рұқсат етілмеген Қытайда VPN-дердің жұмысын тоқтату "Ғаламторды тазалау және стандарттау" деп аталатын бірыңғай мемлекетттік саясат аясында жүзеге асады.


















Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі