Қазақстан дипломаттары Мысырда жоғалып кеткен студенттерді іздестіруде.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі жоғалып кеткен қазақстандық студенттерді іздестіруге көмек сұрап Мысыр СІМ нота жіберген. Бұл жайында СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов мәлімдеді.
«Жоғалып кеткен 6 студенттің барлығының жастары шамалас 1993, 1994, 1995 жылдары туылған. Олар Мысырдың Каир қаласына оқуға барған. Алты студенттің екеуі Қазақстан халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистранттары. Жоғалып кеткендердің барлығы бір пәтерде тұрған. Олармен байланыс 20 шілде күні үзілген. Сол күннен бастап қазақстандық дипломаттар іздестіру жұмыстарын бастап кетті» - деді Ануар Жайнақов журналистер алдында сөйлеген сөзінде.
Мысырдағы Қазақстан елшілігінің мәліметінше, жоғалып кеткен студенттердің ешқайсысынан өзге діни ағымдардың жетегінде кету белгілері байқалмаған.
Қазіргі таңда Қазақстан СІМ жіберген нотаға Мысыр тарапы ешқандай жауап бермеген. Осыған байланысты қазақстандық дипломаттар жоғалып кеткен 6 студентті өз күштерімен іздестіруде.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?