Индонезияның Президенті Йоко Видодо мемлекетте өршіп тұрған есірткі саудасын ауыздықтау үшін, полицияға нашаны өндіруші, тасымалдаушы, таратушыларды өлтіруге бұйрық берді. Бұл туралы Әл-Жазира (Al-Jazeera) жазады.
Мемлекет басшысы әлемдік қауымдастықтың біраз наразылығын тудырған бұл шешімді Филиппиннің есірткіге қарсы күрес үлгісін пайдаланып, қабылдап отырғанын жеткізді.
Атап өту керек, Филиппиннің Президенті Родриго Дутерте билік басына келген сәтінде: "Адольф Гитлер 3 млн еврейді өлтірді. Біздің елімізде 3 млн нашақор бар. Мен олар үшін "Адольф Гитлер" болып, мемлекетті тазартамын" деп мәлімдеген болатын. Небәрі 4 айдың ішінде Филиппинде есірткі пайдаланғандар мен саудалағандарды сот шешімінсіз-ақ, ұсталған жерінде өлтіретін "өлім эскадрондары" құрылған болатын.
Йоко Видодо жаңа шешім туралы: "Біздің елімізге келіп, есірткі тасымалдайтын шетелдік азаматтар көп. Оларды қолға түсіру қиын, сондықтан ұсталған жерде барлығын ату керек", -деп пікір білдірді.
Индонезияда есірткі туралы заңдар онсызда қатал. Осыдан бұрын мемлекет басшысы өмір бойы абақтыға жабылған бірқатар шетелдік азаматтарды өлім жазасына кесіп, басы "дауға" қалған еді. Өлтіру туралы бұйрыққа ілінгендердің қатарында өз азаматтары болған Австралия, Франция, Бразилия мемлекеттері Индонезияның елшіліктеріне қатаң сөгіс жариялап, мұндай шешімдер демократиялық принциптерге қайшы деп дабыл қаққан.
Барлық қарсылықтарға қарамастан, Йоко Вудодо шешімін өзгертетін емес.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?