Қазақстан балама және атом энергетикасын дамыту жоспары бойынша тек ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, сыртқы нарықта ірі тасымалдаушылардың бірі болмақ. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Ернар Бакенов мәлімдеді.
Оның сөзінше, қазіргі кезде Қазақстанда қуаты 300 мегаватты құрайтын жаңартылған энергия көздерін (ЖЭК) пайдаланушы 50 кәсіпорын жұмыс істейді. Осы себепті де мемлекеттің ЖЭК-ті дамытуға мүмкіндігі бар.
"Әлемде энергетика тиімділігіне және ЖЭК-қа инвестиция тарту ұлғайып келеді. Соңғы он жылда біздің экономикаға 223 млрд доллар шамасында тікелей инвестиция тартылды, оның шамамен 13 пайызы өңдеуші өнеркәсіпке инвестицияланған. Қазіргі кезде Қазақстанда ЖЭК-тің үлесі 10 пайызды құрайды. 2011-2015 жылдар аралығында мұнай эквивалентіндегі энергетика сыйымдылығы 1,8 тоннадан 1,7 тоннаға дейін төмендеген", - деді вице-министр.
Сондай-ақ, ол Қазақстанды дамыту стратегиясы бойынша 2050 жылға дейін Жалпы ішкі өнімдегі энергетика сыйымдылығын азайту жоспарланғанын атап өтті.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанның ЖІӨ-сін мұнай нарығы қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан "балама энергетиканы тасымалдаушы ірі ел боламыз" деген пікір әзірге "арман" болуы мүмкін.


















Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі