18 шілде күні Баку Әзірбайжан Халықаралық Банкі қарызын қайта құрылымдауға қатысты дауыс беру нәтижелерін жариялады. Дауыс нәтижесі бойынша кредиторлардың 94 пайызы Әзербайжан тарапының қарызы қайта құрылымдау туралы ұсынысына дауыс берген.
Ал банкке қаржы аударған ірі кредиторлардың бірі Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қарызды қайтару бойынша номиналды соммасын жоғалтпай Әзербайжанның тәуелсіз облигацияларына ауыстыру арқылы 2032 жылға дейін жабу нұсқасын таңдаған.
Яғни Әзербайжан халықаралық банкінінің БЖЗҚ алдындағы қарыз міндеттері ирландық қор биржасында саудаланатын жаңа тәуелсіз облигациялар шығару жолы арқылы толығымен Әзірбайжан Үкіметіне өтеді.
Айта кетейік, 2017 жылдың мамырында жоғарыда аталған Әзербайжанның проблемалы банкі сыртқы қарыз міндеттері бойынша төлемнің тоқтатылғанын және қарыздардың қайта құрылымдалатынын мәлімдеген. Ал мамырдың 11-і күні ӘХБ Нью-Йорк сотына өздерін банкрот деп тану туралы өтініш жіберген. Осылайша банк сыртқы қарызын қайта құрылымдау үшін мемлекеттен көмек алмақ.
Еске салайық, 2014 жылдың қазанында БЖЗҚ зейнеатқы қаржысының 250 млн долларына АХБ-ның борыштық бағалы қағаздары сатып алынған. Осыған байланысты Қазақстанда проблемалы банктің бағалы қағаздарына жұмсалған қаржыға қатысты алаңдаушылық туындаған болатын.
Ал Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов Әзербайжанның халықаралық банкіне салынған қазақстандықтардың зейнетақы қаржысы сол елдің үкіметтік қарызы ретінде конвертациялануы мүмкін екенін айтқан.