Эквадор елдегі қаржылық қиындықтарға байланысты ОПЕК-тің тәулігіне өндірілетін мұнай көлемін қысқарту туралы келісімін орындай алмайды. Келісімге сәйкес, мемлекет өндірісті тәулігіне 26 мың баррельге қысқарту қажет. Бұл туралы Үкімет хабарламасында айтылған.
Елдің мұнай министрі Карлос Перестің сөзінше, Эквадор осы уақытқа дейін көлемді тек 60 пайызға ғана қысқартқан. Қазіргі кезде елде өндіріліп жатқан шикізат көлемі тәулігіне 545 мың баррельді құрайды.
Үкімет өкілдерінің сөзінше, осы жылы Эквадордың бюджет тапшылығы Жалпы ішкі өнімнің 7,5 пайызын құрауы мүмкін. Себебі ел мұнай нарығындағы тұрақсыздыққа байланысты зардап шегіп отыр.
"Өкінішке орай, қазіргі кезде біз өндірісті 26 мың баррельге емес, 16 мыңға ғана қысқарта алып отырмыз. Елдегі қиындықтарға байланысты өзімізге ұсынылған квотаны орындап жатқан жоқпыз", - деді Карлос Перес.
Айта кетейік, ОПЕК келісіміне қатысты Қазақстанның да позициясы тұрақсыз. ҚР Энергетика министрлігі бірде "Қазақстан мұнай көлемін қысқартуға қатысты ОПЕК-пен болған келісім мерзімін одан әрі ұзартуға дайын емес" десе енді бірде ОПЕК пен оған мүше емес елдердің мұнай көлемін қысқарту мерзімін ұзарту туралы шешімін қолдайды" деген бір-біріне қарсы пікір айтады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер