Қазақстан мұнай көлемін қысқартуға қатысты ОПЕК-пен болған келісім мерзімін одан әрі ұзартуға дайын емес. Бұл туралы Қазақстанның Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәжіліс отырысынан кейінгі журналистермен кездесу кезінде мәлімдеді.
Министрдің сөзінше, Қазақстан қара алтын көлемін қысқарту туралы келісім аясында болады. Алайда шикізат өндірісін енді дамытып жатқан Қашаған сияқты кен орнының да мүмкіндіктері ескерілу қажет.
"Өткен жылы Қазақстандағы мұнай бағасы 30 баррель болса, биыл орташа есеппен 52 долларды құрады. Яғни бұл келісімнен Қазақстан 22 долларға пайда тапты", - деді Бозымбаев.
Айта кетейік, ОПЕК елдері осы жылдың 25 мамырында Венада өтетін кездесуде мұнай көлемін қысқартудың тағы бірнеше жолын қарастыратын болады. Бұл туралы Біріккен Араб Әмірлігінің энергетика министрі Сухейль аль-Мазруи мәлімдеген еді.