Түркияның билігі өткен жылы елде мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынған топтың қатарын тағы да 127 күдіктінің есімімен толықтырды. Мемлекеттік төңкеріс жасауға қатысты деген айыппен 127 адамның 115-і құқық қорғау қызметкерлерінің құрығына ілінген. Қалған азаматтарды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Түркияның солтүстік-батысындағы Текирдаг аймағында жүргізілген арнайы операция кезінде ұсталған күдікті азаматтардың қатарында журналистер, кәсіпкерлер, дәрігерлер де бар.
Ел билігі өткен жылы орын алған мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныс оқиғасының басты ұйымдастырушысы АҚШ-тан саяси пана алған Фетхуллах Гюлен деп есептейді. Ұсталған азаматтар Фетхуллах Гюленнің жақтаушылары белсенді пайдаланатын шифрланған ByLock қосымшасының қолданушылары болып шыққан.
Осыдан бұрын былтырғы даулы оқиғаның біржылдығы қарсаңында Түркия басшылығы қарулы күштер мен құқық қорғау органдарының 7 мыңға жуық қызметкерін жұмыстан босатқан болатын.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?