Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ел халқынан сақал өсіріп, хиджаб кимеуді сұрады.
Ол Душанбеде сөйлеген сөзінде он жыл бұрын тәжік халқының әдет-ғұрпы, дәстүрі жайында қабылданған заңының маңыздылығы жайында айтып, ел халқын сақал өсіріп, хиджаб кимеуге шақырды.
Эмомали Рахмонның тәжік халқы алдында сөйлеген сөзінде: «Әйел адамдардың қара матаға оранып, тұмшаланып алуы тәжік дәстүріне сәйкес келмейді. Бір құдайға хиджаб киіп, сақал өсіру арқылы емес, жүрекпен иман келтірген дұрыс. Тәжік халқы өздерінің ата-бабасы ұстанған дәстүрмен жүріп, өзге елдің дәстүріне қарсы тұруы тиіс» - деді.
Бұдан бұрын Тәжікстан билігі елде мектеп жасындағы балаларға мешітке баруға, хиджаб киуге тыйым салған еді. Ал осы жылы шетелдердің діни университеттерінде оқып жүрген мыңдаған студенттерін елге қайтарып алған болатын.
Естеріңізге салайық, осыдан біраз уақыт бұрын Нұрсұлтан Назарбаев та қазақ халқына сақал өсіріп, хиджаб кимеуді сұраған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?