Франция Үкіметі елдегі электр энергиясы өндірісіндегі атом электр стансаларының үлесін қазіргі 75 пайыздан 50 пайызға дейін азайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Францияның кешенді экологиялық өзгерістер министрі Николя Юло мәлімдеді.
Бүгінгі таңда Францияда 58 реактор жұмыс істейді. Франция атом электр стансаларында өндірілетін энергия көлемі бойынша әлемде - екінші, ал атом энергетикасының үлесі бойынша - бірінші орында. Энергиясының қуаттылығы жөнінен теңдессіз саналғанымен, атом электр стансаларының адам денсаулығы мен қоршаған ортаға тигізер зардабы орасан. Қазіргі жасыл экономика және баламалы энергия көздеріне өтіп отырған әлемдік тенденциядан Франция да қалыс қалғысы келмейді.
Францияның кешенді экологиялық өзгерістер министрі Николя Юло: «Атом электр стансаларында өндірілетін энергия көлемін 75 пайыздан 50 пайызға дейін қысқарту керек. Бұл үшін бірнеше жұмыс істеп тұрған реакторларды өшіруге тура келеді. Ерекше зерттеуді талап ететін мәселеде аса мұқият болған жөн. Қазіргі есеп бойынша, шамамен 17 реактордың қызметін тоқтату жоспарланған», - деді.
Айта кетейік, Қазақстан керісінше, атом электр стансасын салу туралы шешімді 2018 жылдың соңына қарай қабылдамақ. Тіпті Курчатов қаласы мен Балқаш көліне жақын маңдағы Үлкен ауылы АЭС салынатын аймақтар ретінде нақтыланып отыр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?