Қазақстан атом электр станциясын салу туралы шешімді 2018 жылдың соңына қарай қабылдайды. Бұл туралы атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) сессиясында ҚР энергетика министрлігі атом энергиясы және өнеркәсіп департаментінің директоры Батыржан Қаракөзов мәлімдеді.
"Қазіргі уақтта атом электр станциясын салудың техника-экономикалық негіздемесін жасау қолға алынды. 2018 жылдың соңына дейін шешім қабылданады", - деді ол.
Оның сөзінше, АЭС салынатын орын АЭХА стандарты бойынша таңдалған. Сонымен қазіргі уақытта Курчатов қаласы мен Балқаш көліне жақын маңдағы Үлкен ауылы АЭС салынатын аймақтар ретінде нақтыланып отыр.
Қаракөзовтің сөзінше, ядролық энергетикаға қатысты мұндай ұзақ мерзімді және қымбат тұратын жоба карбонат қалдықтарын азайтудың баламасы. Алайда Қазақстанның энергобалансындағы ядролық энергияның үлесі қандай екенін департамент басшысы айта алмады.
"Нақты құрылым есебі алдағы уақытта ұсынылады, ұзақ мерзімді болжам жасалады", - деді Қаракөзов.
Айта кетейік, 2016 жылдың соңында Энергетика министрлігі АЭС салудың қажеті жоқ және алдағы 7 жылда АЭС құрылысы туралы мәселе болмайтынын мәлімдеген.