АҚШ президентінің ұлы кіші Дональд Трамп Хиллари Клинтон үстінен компромат ақпарат жинау үшін ресейлік заңгермен кездескен деп жазады The New York Times басылымы.
New York Times газетінің мәліметі бойынша, 2016 жылдың 16 маусым күні Дональд Трамптың ұлы «Трамп тауэр» ғимаратында Кремльмен қатысы бар Наталья Весельницкаямен кездескен.
New York Times басылымының бұл мәлімдемесін кіші Трамп жоққа шығармаған. Бірақ кездесу барысында Весельницкаяның Хиллари Клинтон жайында мардымды ақпарат бере алмағандығын айтқан.
Ал Наталья Весельницкаяның айтуынша, кіші Трамппен кездесу кезінде олар президент сайлауы жайында ешқандай әңгіме қозғамаған.
Дональд Трамптың ресми өкілінің хабарлауынша, Трамп өз командасының Весельницаямен кездескендігі жайында ешнәрсе білмеген және ол кездесуге қатыспаған.
Қазіргі таңда АҚШ Конгрессі мен ФБР президент сайлауы кезінде Трамп командасының мүшелері Кремльмен байланыста болғандығы жайында тексеру жұмыстарын жалғастыруда.
Естеріңізге салайық, АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин Германияның Гамбург қаласында G20 саммиті аясында кездескен болатын. Кездесу барысында Сүрия, Украина, кибершабуыл, ресейліктердің АҚШ сайлауына араласуы жайында әңгіме қозғаған.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?