"АҚШ Соты Twitter Inc. компаниясының ел Үкіметіне қарсы шағымын қабылдады", - деп хабарлайды Рейтер агенттігі.
Микроблогтар сервисі АҚШ Үкіметінен өз қолданушыларының жеке деректерін пайдалану туралы есепті толық әрі нақты беруін сұрап отыр. Қазір компания мемлекет басшылығы қол жеткізген жеке деректердің санын "0-ден 499-ға дейін" немесе "500-ден 999-ға дейін" деп шамамен ғана көрсете алады. Компания заңгерлерінің пікірінше, бұл кәсіпкерлердің құқығын бұзады.
Өз кезегінде АҚШ-тың Әділет министрлігі: "Сұралған ақпараттардың нақты саны мемлекеттік құпия саналады және оны ашу жау мемлекеттер үшін пайдалы болуы мүмкін", - деп, соттан шағымды кері қайтаруды талап еткен еді.
Дегенмен АҚШ Соты Әділет министрлігінің ел қауіпсіздігіне төнетін қауіпті дәлелді түрде көрсете алмағаны үшін, Twitter Inc. компаниясының шағымын қабылдап, істі бастау туралы шешім қабылдады.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                    
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?