Астана күніне орай , Оңтүстік Қазақстан облысында реконструкциядан өткен "Наурыз" саябағы іске қосылды. 1991 жылы құрылған демалыс орны 26 жыл ішінде бірде-бір рет жөндеу көрмеген. Биыл қала басшылығының назарына іліккен ескі саябақ жаңартылып, өңір тұрғындарына пайдалануға берілді.
Саябақтың ашылу салтанатына арнайы келіп қатысқан Шымкент қаласының әкімі Жансейіт Түймебаев халықты атаулы мерекемен құттықтап, елімізде аз жылда орын алған игі өзгерістерге тоқталды. Сондай-ақ, Шымкент қаласының ірі мегаполис ретінде Қазақстан үшін маңызды әлеуметтік-экономикалық аймақ саналатынын атап өтіп, жаңа саябақтың қала тұрғындары мен қонақтары үшін сүйікті мекенге айналатынына сенім білдірді.
8 га аумақты алып жатқан саябақты жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 180 млн теңге көлемінде қаржы жұмсалған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?