Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Delta Bank" АҚ өңірлердегі филиалдардың жабылғанын хабарлады.
KASE-нің ресми сайтында жазылғандай, аталған банктің Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Тараз, Павлодар және Петропавл қалаларындағы филиалдары есептік тіркеуден шығарылған.
Айта кетейік, мамыр айында Ұлттық банк тағы да «Delta Bank» АҚ-тың жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясын тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған.
Сондай-ақ, 2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша «Delta Bank» АҚ жеке тұлғалардан қабылданған депозиттерінің көлемі 0,3 млрд теңгені, заңды тұлғалардың депозиттері 87,9 млрд теңгені құрайтыны туралы Ұлттық банк мәлімдеген еді. Банктің депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесі депозиттерінің жиынтық көлемінің 0,5%-ын құрайды.