Әлемдегі ең танымал әлеуметтік желілердің бірі Facebook қолданушыларының саны 2 млрд. адамды құрады. Бұл туралы Facebook-тың негізін салушы Марк Цукербегр өзінің фейсбук парақшасында жазды.
Аталған жазбада «Бүгін Facebook қауымдастығын құрайтын ғаламтор қолданушыларының саны ресми түрде 2 млрд.адамға жетті. Біз әлемді біріктіру арқылы дамуға қадам басып келеміз. Ары қарай да жарқын болашақты жақындатуды жалғастырайық. Мен бұл саяхатта сіздермен бірге екендігіме қуаныштымын»,-делінген.
2004 жылы Гарвард университетінің 19 жасар студенті Марк Цукербергтің бастамасымен құрылған әлеуметтік желіні тәулігіне жер шарының 1 млрд-тан астам тұрғыны қолданып, 8 млрд-қа жуық бейжазба қаралады. 2016 жылы Facebook компаниясының жылдық табысы 27,6 млрд долларды құрады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?