Біреуге өкпелеу өз абыройыңды түсіреді. Өкпелеу сені жұбатпайды әрі жанашырлық сезім тудырмайды, қайта басқалардың шамына тиеді және оларды тәкаппарландыра түседі. Сондай-ақ, біздің өкпемізді тыңдағандарды біз сияқты өкпелеуге желіктіреді.
Біз біреуге өкпелегенде оның саған жасаған жағымсыз ісі кешіруге болатын дүние секілді болып сезіледі. Бұрынғы жәбір-жапаға өкпелеудің салдары ендігі бір жәбірге тап болуға итермелейді. Өкпелеуші біреуден көмек алғысы және қолдау тапқысы келгенімен, өкпеңді естуші қыбы қанып отыруы мүмкін. Тіпті, сені көзге ілмейді. Неғұрлым көп ілтипатқа бөлену үшін басқалардың саған жасаған жағымды ісін мақтау ғана жақсы әдіс.
Сенің басқаларды «маған жақсылық жасамады» деп зарлануың, соныңды естушіден жақсылық және нәпақа дәметкенің. Ақылдылар өзін қорлауды немесе көзге ілмеуді ашық айтпайды. Қайта басқалардың өзіне жасаған құрметін ғана әңгімелейді. Сөйтіп, олар дос табады және жаулары азаяды.
Бальтасардың «Парасатнама» кітабынан
Ауд. Абылаш Қасымбек, Қаусылқан Қасымқан
«The Qazaq Times»


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?