Бальтасар Грасиан (1601-1658) Испанияның солтүстік шығысындағы Бельмонте елді мекенінде дүниеге келген. Испандық ойшыл, жазушы және христан дін қайраткері. Сарагосада дін оқуын оқықан. Кейін христан дін уағызшысы болған. Оның өмірі құдайшылдық, дін таратушы, поп, жазушы сынды сипаттамаларға толы. «Қаһарман» 1638ж., «Ақылиялар» 1641ж. қатарлы әйгілі еңбектер жазған.

Біз төменде әйгілі ойшылдың Абылаш Қасымбекұлы мен Қаусылқан Қасымханұлы аударған «Парастанама» кітабынан үзінділер ұсынып отырмақпыз.

Әлемдегі заттардың барлығы да кемелді

Әлемдегі заттардың барлығы да кемелді. Ал солардың ішнідегі ең кемелдісі – шын мәнінде кісілігі бар адам.

Бүгінгі күні бір әулиені дайындау көне Гректің жеті әулиесін дайындаудан да қиын. Ал, бір адамды кемелдендіруге жұмсалатын зейін-зерде, күш-қуат бұрғынғы тұтас бір ұлтты кемелдендіруге жұмсалатын зейін-зерде мен күш-қуаттан да көп.

Мінез бен ақыл егіз

Тумысыңнан дарыған қабілетті толық сәулелендірмек болсаң, оған мінез бен ақылды таяныш етуің керек. Бұл екеуінің бірі кем болса, табысқа жартылай жетесің. Тек ақылды болу жеткілікті болмайды, оған қоса жағымды мінез де керек. Ақымақтардың табысқа жете алмайтындығы, бірдеңе істегенде өз жағдайымен, орнымен, тегімен және достарымен санаспайтындығында.

Ашық ауыз болма

Шеберлікпен ұтып кету, көбіне көп, нағыз сүйінерлік іс. Өзіңді көрсетудің пайдасы да, қызығарлығы да жоқ. Елпілдеп кетпей салмақтылық таныту жұртты ойландырады, әсіресе сенің мәртебең үстем болып, жұртты әбден үміттендіргенде, байыбына бара алмас сырлылық сені құрметке бөлейді. Шындықты айтуға тура келген күнде де, түк қалдырмай «лақ» еткізуден сақтанған абзал. Басқаларға сырыңды алдырма. Байыпты үнсіздік – зейінді қорғаныс. Көңіліңе бүккен тұжырымды дабыра қылу құрметке ие еткенді былай қойып, сөзге қалдырады. Жасаған шешіміңнен болмашы ағаттық шықса, сорың қалыңдай түседі. Егер басқалардың назарын аударып, құрметіне бөленем десең, Тәңірді өнеге тұт, сырыңды сыртқа шашпа.