Осы жылдың соңына дейін банк секторын сауықтыру аясында банктерге қаржы беріледі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Парламент палаталарының біріккен отырысында мәлімдеді. 

«Банктер өзінің жұмысын нақты көрсете алуы үшін банк активтеріне бағалау жүргізуді жоспарлап отырмыз. Дегенмен олардың жұмыс жүйесі есепте көрсетілген деңгейден де нашар болуы мүмкін. Бар мәселе банк акционерлерінің капиталға ақша құюуы керектігінде болып отыр. Қазіргі уақытта Ұлттық банк қаржының белгілі бір сомасын бір уақытта құю мүмкіндігі экономикада жеткіліксіз екенін түсінеді", - деді Ақышев.

Оның сөзінше, банк секторын сауықтыру бағдарламасы Ұлттық банк тарапынан ресурстарды қамтамасыз етуге қолдау көрсетеді. Бірақ міндетті түрде акционерлердің пропорционалды қатысуымен айырбас арқылы болады.

"Яғни мемлекет қаржы берсе, акционерлерге белгілі бір уақыт аралығына міндеттер қойылады. Қазіргі кезде пропорционалды соманы капиталға құю түрінде салу бойынша талқылау жүргізіліп жатыр. Бұл банктер жақын жылдары капитал ағынына ие болады, олар проблемаларын шешіп, өздерінде жиналып қалған кредиттерді есептен шығара алады дегенді білдіреді", - деді Ақышев.

Айта кетейік, бұған дейін Қазкоммерцбанк Қазақстанның қор биржасына 2017 жылы 14 наурызда 200 млрд теңге қарыз алғаны туралы хабарлаған еді.

“The Qazaq Times”